Abstract:
Кәсіпорынның тұрақты дамуы үшін оған сыртқы капиталдың тартылуы қажет.
Кез-келген инвесторлар өз салымдарының кірістілігіне қызығушылық танытатын тұлғалар болғандықтан, инвестиция объектісін таңдағанда, инвесторлар осы салымның тәуекелдері мен
кірістерін мұқият ескереді. Инвесторлар шығындар мүмкіндігін минимумға дейін төмендетуге
және өз қаражаттарын салудан барынша пайда алуға тырысады, сондықтан олар инвестициялардың тиімділігін бағалайды, яғни кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы сияқты ұғымды
қарастырады және бағалайды.
Мақаланың өзектілігін ашу үшін "Алтыналмас АК" АҚ инвестициялық тартымдылығының құрамдас факторларын оның инвестициялық тартымдылығын анықтау үшін ұсынылған
бағалау әдісімен талдайтын боламыз.