Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасының қалалары үш негізгі деңгейге бөлініп,
қарастырылды. Олар: агломерациялар, ақылды қалалар, моноқалалар. Осы топтастыруға
байланысты Қазақстан қалаларында инфрақұрылымдық салаларды дамытуда әсер ететін
факторлар мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, туындайтын проблемалар қарастырылған.
Экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдық дамуға қол жеткізу үшін, Қазақстан
қалаларын басқару жүйесінің туындаған проблемаларды шешу жолдары, жүзеге асыруы тиіс
стратегиялық бағдарламалары және қала басқаруда қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
шаралары көрсетіледі. Жалпылыма айтқанда, бұл мақала Қазақстан қалаларында топтастыру
деңгейлеріне байланысты моноқалалардағы экономикалық тиімділікті қалыптастыра отырып,
әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды іске асыру үшін қала басқару жүйесінің механизмі қалай
жұмыс атқаруы тиіс деген сұраққа жауап береді.