Abstract:
Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл пайданы көбейтуге ұмтылумен қатар әлеуметтік
мәселелерді шешетін бизнес түрі ретінде Үкіметтің де, ірі кәсіпорындардың да назарын аударуда.
Бұл мақалада кедейлік, жұмыссыздық және теңсіздік сияқты мәселелерді шешу контекстінде
әлеуметтік кәсіпкерліктің маңыздылығы талқыланады.
Автор мемлекет әлеуметтік кәсіпкерліктің өркендеуі үшін қолайлы орта құра отырып,
оның дамуында шешуші рөл атқаратынын атап көрсетеді. Бұл қаржылық ресурстармен
қамтамасыз етуді, салықтық жеңілдіктерді және әлеуметтік кәсіпорындарды нығайтуға ықпал
ететін білімге қол жетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды.
Сонымен қатар, ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларға инвестиция салу және
инновациялық бизнес модельдерін құру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қоса
алатынына тоқталады.
Мемлекет, ірі компаниялар және әлеуметтік кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық
тұрақты және инклюзивті экономика құрудың кілті болып табылады. Бұл әлеуметтік мәселелерді
шешуге және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.