Abstract:
Қазақстанда әр мемлекеттік органда, квазимемлекеттік
сектордағы компанияларда, жалпы әр тҥрлі мекемелерде баспасөз
қызметтері, пиар немесе маркетинг бөлімдері жұмыс істейді. Алайда
шетелде бұл бөлімдер жеке-жеке қызмет атқарады, яғни істеп жатқан
жҧмыстары бір-бірін қайталамайды, әр бӛлім ӛзіне міндеттелген шараларға
жауап береді. Бірақ Қазақстанда әдетте мемлекеттік органдарда осы
жұмысты тек баспасөз қызметі атқарады. Алайда барлығы мекеменің
жұмыс істеу бағытына және мемлекеттік деңгейде стратегиялық жағынан
маңыздылығына байланысты екені белгілі. Кейбір компанияларда тек бір
ғана баспасөз хатшысы болса, бірқатарында баспасӛз қызметі мен PR
бӛліміне жеке штат бӛлінеді. Осы ретте мен еліміздегі баспасӛз қызметтері
қандай және қалай жұмыс істеп жатқанынан тоқталдым. Ал, халықаралық
дәрежедегі ҥлгі болатындай баспасөз қызметтері қандай және олардың
жұмысындағы басым бағыттарын жаздым. Мақалада Денсаулық сақтау
саласын нақты мысалға ала отырып, әлемдегі әр түрлі PR
сарапшыларының ойларына жүгінемін.