Abstract:
Химияны үйрену көптеген орта мектеп оқушылары үшін
қиын болып келеді. Зерттеушілер мұның себептерін жіктеп, үлкен
табандылықпен ақылға қонымды шешімді табуға тырысуда. Мұндай талпыныс
алдыңғы және жаңа білім арасындағы өзара әрекеттесуді жүзеге асыру үшін
көптеген стратегияларды әзірлеуге әкеледі. Аналогия солардың бірі болып
табылады, ол жаңа абстрактілі ұғымдар мен оқушыларда бұрыннан бар
ұғымдар арасында көпір қызметін атқара алады. Бұл мақала аналогиялардың
теориялық негізіне, химияны оқытуда аналогияларды қолданудың өзектілігіне
және химияны оқытудағы аналогияның келешекті пайдалы рөліне назар
аудартады.