Abstract:
Бұл жұмыста Атырау қаласының топырақ жамылғысындағы ауыр
металдардың және мұнай өнімдерінің мөлшерін өлшеу нәтижелері берілген.
Топырақтың химиялық ластануы алынған нәтижелерді нормаланған мәндермен
салыстыру және халық денсаулығына кері әсер етудің көрсеткіштері болып
табылатын көрсеткіштермен бағаланды. 2017 жылғы мәліметтер бойынша және
2021 жылда жасалған тәжірибе нәтижесі бойынша Атырау қаласының топырақ
жамылғысындағы ауыр металдар мөлшері салыстырылынды. Салыстыру нәтижесі
бойынша қорғасын, мыс және мұнай өнімдерінің мөлшері артқандығы байқалды.
Сонымен қатар, топырақтағы мұнай өнімдерін анықтаудың салмақтық әдісі
негізінде мұнай өнімдері нәтижесі бойынша жоғары ластанған болып табылды.