Abstract:
мақалада мектепте химияны оқыту процесінде сандық білім
беру ресурстарын қолдану – мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асыруы туралы
айтылады. Цифрлық құралдардың бірі Mindmeister-ті қолдану арқылы «Атом
құрылысы» тақырыбына ментальдық карта жасалды. «Химиялық
элементтердің периодтық жүйесі» тақырыбына танымдық тапсырмалардың
әртүрлі формалары құрастырылып, жасалды. Соның ішінде: әртүрлі типтегі тест тапсырмалары (сұрыптауға арналған топтастыру тесті, дұрыс немесе қате
екенін анықтауға арналған баламалы тест, белгілі бір реттілікпен
орналаластыруға арналған (мысалы, өсу реті бойынша орналаластыр) саралау
тесті, салыстыру немесе салыстыру тесті, реттілік тесті, әртүрлі біріктірілген
тест), дидактикалық ойын (химиялық чайнворд). Тапсырмаларды құруда
Learningapps цифрлық құралы қолданылды. Trello платформасы арқылы
ақпараттық кеңістік ұйымдастырылды. Және осы цифрлық ресурстарды
қолданудың нұсқалары көрсетілді.