Abstract:
Бұл мақалада сотқа дейінгі іс жүргізуде медиация институтын қолданудың заманауи
мәселелері ашылады, сондай-ақ медиацияның кейбір элементтері Қазақстандағы болған бийлер сотының
институтында бар екендігі туралы қысқаша тарихи талдау келтіріледі. Сонымен қатар, автор оқуәдістемелік әдебиеттер мен медиация саласындағы заңнамаға жан-жақты талдау жүргізеді. Зерттеу
нәтижесінде автор осы институтты сотқа дейінгі іс жүргізуде жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін
келтіреді.