Аннотации:
Публицистикалық жанрдың қалыптасуын, даму кезеңін
өте ерте ғасырдан бастаймыз. Қоғам, саясат, жүйе, халық секілді ұғымдар
адам санасында пайда болған күннен бастап оның бірге өмір сүруі заңдылық. Публицистикалық жанрдың да атқаратын міндеті қоғам қабылдай алатын, ақиқат пен көркем тіл астасқан деректерді жеткізе білу.
Атап айтқанда, сонау V ғасырда түрік халқы қоғамдасып, Түрк қағанатын орнатқан дәуірден бастап көшпенді өркениеттің бүгінгі публицистикасы да қалыптасты. Жазба ескерткіштердегі публицистикалық
жанрдың алатын орны ерекше. «Publicus» сөзінің өзі де «қоғамдық» деген мәнді білдіреді. Осыдан келіп публицистиканың қоғамдағы ең маңызды және өзекті ақпаратты көпшілікке ұсынуы шығады. Ертедегі жазба
ескерткіштерінде сол кезеңдегі тарихи шындық, өзекті саяси оқиғалар,
қаған, қағанат мәселесі қарастырылып отырған. Оған «Тоныкөк», «Күлтегін» секілді Орхон ескерткіштеріне жататын бірқатар жәдігерлердегі таңбаланған мәтіндер куә. Орхон-енисей жазу ескерткіштері «Көне
түркі дәуіріне» жатады. Шығыс Түрік қағандығының құрамында болған
халық осы тілде оқып, осы тілде сөйлескен. Яғни публицистикалық
тұрғыда да аталмыш тіл қолданылған.