Последние добавления

  • Абай Құнанбайұлы шәкірттері публициcтикacының тaқырыптық ерекшеліктері 

    Шауенова, Г.А. (2025)
    Қaзіргі кезде қоғaмдық caнa мен көзқaрacтың жaңaруынa бaйлaныcты әдеби мұрaлaрды зерттеу тұрғыcынaн жaңaшa пaйымдaулaр жacaлып, тaрихи тұрғыдaн тaрaзылaу қолғa aлынды. Тәуелcіздіктің aрқacындa өткен тaрихымызғa үңілу, ертеректе жaрық көрген публициcтикaлық туындылaрғa тaлдaу жүргізу кезінде мaркcтік-лениндік әдіcнaмa дүниеге келтірген кеңеcтік қacaң идеологияның тыйым ...
    2025-06-04
  • Жасанды интеллектінің баспасөз менеджменті мен маркетингтегі рөлі 

    Ауесбай, Қ.; Сақ, Қ.Ө. (2025)
    Мақалада мерзімді баспасөз менеджменті мен маркетинг салаларын дамытуда жасанды интеллектінің (ЖИ) ықпалы зерттелді. ЖИ-дің әлемдік баспасөз тәжірибесінде қолданылуы талданып, оның тиімділікті арттырудағы рөлі айқындалды. Жұмыста ЖИ-дің контент жасау, жарнамалық стратегияларды жетілдіру, басқару үдерістерін автоматтандыру сияқты мүмкіндіктері қарастырылған.Зерттеу барысында ...
    2025-06-04
  • Әзілхан Нұршайықовтың эпистолярлық публицистикасындағы замандас бейнесі 

    Шайкенова, А.Ж.; Тулешева, Г.К.; Умбетова, А.К. (2025)
    Зерттеу мақала журналист, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасына арналған. Автордың хаттар арқылы адам болмысын көрсетуі, оның шығармашылығы мен әдеби мұрасында ерекше орын алады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Әзілхан Нұршайықовтың хаттарын зерттей отырып, оның адамзат болмысын, тұлғалық қасиеттерін ашудағы орны мен мәнін анықтау. Ғылыми зерттеудің маңызды бағыты ...
    2025-06-04
  • Қазіргі әлеуметтік желідегі тілдің қолданысы: неологизмдер және қарапайым лексика 

    Кушкинбаева, К.Т.; Ақсейіт, Ғ.М.; Шурентаев, А.М. (2025)
    Қазақ тілінің дамуын, қолданысын, мәдениеттілігін жетілдіру тек тіл мамандарына ғана артылған жауапкершілік емес, ана тілін пайдаланушы қалың жұрттың, оның ішінде оқу-ағарту саласындағы ұстаздарға, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне де артылған жүк.Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының ұлт тілінің қоғамда қолдануына ықпалы өте зор. Сонымен қатар қоғамның санасына ...
    2025-06-04
  • Тенденции развития медиаграмотности в Казахстане в условиях глобализации медиапространства 

    Тахан, С.Ш.; Хусаинова, А.К. (2024)
    В статье рассматриваются изменения, вызванные развитием цифровых технологий и глобализацией медиапространства. Особое внимание уделяется развитию медиаграмотности, как базового навыка современного человека, необходимого для осознанного потребления информации и взаимодействия с цифровой средой. Целью исследования является анализ тенденций развития медиаобразования в Казахстане ...
    2025-06-04
  • Медиакеңістіктегі post-truth ұғымы және оның саяси сипаты 

    Есімова, Г.А.; Ертасова, Г.Қ. (2024)
    Мақала қазіргі саяси коммуникациядағы шындықтан кейінгі құбылысты талдауға арналған. Цифрлық технология дамыған ақпараттық қоғам дәуірінде шындық пен жалғанды ажыратудың қиындығы күн сайын сезіліп келеді. Сондықтан да post-truth немесе «постшындық» ұғымы қазіргі заманғы медиакеңістік пен саяси дискурстардың маңызды сипаттамасы ретінде қалыптасты. Мақалада медиакеңістіктегі ...
    2025-06-04
  • The image of travel journalism in television and periodicals of Kazakhstan 

    Ozenbayeva, N.T.; Ishanova, A.K. (2024)
    This article provides an investigation on the topic of travel journalism in domestic mass media. The article focuses on the image of travel journalism in periodicals and television of Kazakhstan. Study that underscores the increasing importance of travel journalism to public understanding of tourism, culture, and global interconnectedness. As traditional travel journalism ...
    2025-06-04
  • Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы 

    Рахмет, К.; Сақ, Қ.Ө.; Шакуова, Р.А. (2024)
    Бұл мақалада Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы, іскерлік тақырыпқа арналған мақалалардың алғашқы қазақ басылымдарында жариялана бастауы, сол кездегі сауда-саттық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жазылған материалдарға жан-жақты талдау жасалады. «Дала уалаятының газеті», «Қазақ», «Ақжол» газеті мен «Шолпан» журналында жарық көрген ...
    2025-06-04
  • Ә. Нұршайықов шығармашылығындағы деректілік пен нарратив тәсілдері (жазушының күнделік жазбалары негізінде) 

    Алмас, Л.А.; Қалқабаева, С.Ә.; Тоқтағазин, М.Б. (2024)
    Мақалада қазақ прозасына тың ізденістерімен формалық жаңалықтар алып келген Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығындағы деректілік негіз бен нарративтік тәсіл мәселесі сөз етіледі. Дара суреткердің шығармашылығына тән деректілік пен нарративтік тәсілдерді басты зерттеу нысанына айналдыра отырып, бұл мәселені авторлық концепциямен тығыз байланыста ...
    2025-06-04
  • Әлемдік ақпарат құралдарындағы Орталық Азия елдері саяси көшбасшыларының медиаобразы 

    Абылханова, Ә.; Әшірбекова, Г.Ш. (2024)
    Әлемдік ақпарат кеңістігінде мемлекеттің медиаобразын қалыптастыру мәселесі қазіргідей геосаяси жағдайлардың ушығып тұрған кезеңінде өте маңызды. Мақалада мемлекеттің медиобразының негізгі аспектісі ретінде саяси көшбасшының ақпарат кеңістігіндегі бейнесіне қатысты ақпараттар талданды. Кез келген мемлекеттің Президенті сол елдің медиаобразын қалыптастыратын бірінші тұлға ...
    2025-06-04
  • Crisis communication and public trust: insights from social media use in Kazakhstan 

    Burkitbayeva, M. (2024)
    The study presents the results of a quantitative investigation into the behavior of the public in Kazakhstan during a crisis. Two hundred two participants were surveyed as part of the study to determine what elements affect the public's opinion of an organisation’s crisis response and what influences the public’s trust in organisations during a crisis. Survey data were ...
    2025-06-04
  • Журналистикадағы жасанды интеллект: шетел тәжірибесі 

    Канашева, Ш.Ж.; Дүйсенғазы, С.М.; Сейтжанова, Ж.Д. (2024)
    Соңғы жылдары көптеген салада жаңа технологиялардың дамуы байқалды. Солардың арасында жасанды интеллект (ЖИ) жетекші орынға ие болды. Атап көрсетерлігі, журналистика саласында да жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастады. Бұл мақаланың мақсаты – ЖИ журналистика саласына енгізілгеннен кейін болған өзгерістерді зерттеу, оның ықпалы мен әсерін бағалау. Зерттеу аясында АҚШ-тағы ...
    2025-06-04
  • Қазақстандық мерзімді басылымдардағы тілдік агрессия құбылысының имплицитті көрінісі («Жас Алаш» қоғамдық-саяси газетінің мысалы негізінде) 

    Мұханбетжанова, А.Р.; Тапанова, С.Е. (2024)
    Бүгінгі таңда коммуникациядағы агрессия құбылысы күшейіп, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесі өзекті болып тұр. Тілдік агрессия тек виртуалды коммуникацияға емес, тұлғааралық қарым-қатынасқа да үлкен әсерін тигізіп жатыр. Тілдік агрессия БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен қолданылуда. Аталмыш құбылыс ашық түрде ғана емес, имплицитті (жасырын) түрде де көрініс табады. ...
    2025-06-04
  • The State order of the Government of Kazakhstan as a tool for shaping the agenda in the information market (case of documentaries) 

    Miraspekov, S.N.; Shurentayev, A.M.; Ramazanova, Zh.S. (2024)
    The article examines the government's attempts to set the agenda in the information market through the state information order. Documentaries have been selected as media that enjoy high audience confidence. The main idea of the study is to determine what kind of agenda the government sets for the information market in the case of documentaries. The state information order ...
    2025-06-04
  • Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде баспасөз қызметінің қалыптасуы мен дамуы 

    Омархан, Ж.А.; Каримова, Б.Ж. (2024)
    Мақала бүгінгі ақпарат саласының қызмет жүйесіндегі баспасөз қызметінің қалыптасуы мен даму бағыттарына арналып отыр. Баспасөз қызметі – билік пен халық арасын, ұйым мен қоғам арасын байланыстырушы. Кез келген мекеме немесе ұйым баспасөз қызметі арқылы ақпаратты қоғамға таратуды, қоғамда жағымды пікірге ие болуды, адамдармен түсіністік қарым-қатынас жасауды, өз жұмысын жарнамалауды ...
    2025-06-04
  • Қазақ телевизиясының технологиялық жаңару кезеңдерінің ерекшіліктері 

    Есенбекοва, Ұ.М.; Сақ, Қ.Ө.; Рахымбаев, Н.М. (2024)
    Мақалада қазақ телевизиясының технологиялық жаңару кезеңдері қарастырылып, технологиялық жетістіктердің хабар тарату саласына әсері мен эволюциясы сипатталады. Тарихи контекст пен нақты кезеңдерді талдау арқылы зерттеу – бұқаралық коммуникация саласындағы инновацияның негізгі кезеңдерін көрсетеді. Зерттеуде үш негізгі кезең қарастырылған: телевизиялық технологияның кеңестік ...
    2025-06-04
  • Бұқаралық коммуникация құралдарындағы эпистолярлық мәтіндер ерекшеліктері 

    Тоқтағазин, М.Б. (2024)
    Мақалада БАҚ жүйесіндегі эпистолярлық мәтіндер ерекшеліктері талданады. Автор эпистолярлық мәтіндер әртүрлі мақсаттарда, соның ішінде пікір алмасу, маңызды мәселелерді талқылау, кері байланысты қамтамасыз ету немесе жай ғана қарым-қатынас үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін ашып көрсетіп, жаңалықтар мақалаларында әртүрлі көзқарастарды ұсыну немесе нақты тақырыптарды талқылау ...
    2025-06-04
  • Әлеуметтік желілердің қоғамдық санаға әсері 

    Әшірбекова, Г.; Берекетова, А.; Жақсылық, А. (2024)
    Әлеуметтік желілер қазіргі таңда ақпарат алмасу алаңы ғана емес, қоғамдық дискуссияға айналды. Оның нақты мысалдарын көптеп кездестіруге болады. Қазақстандағы «экс-министрдің ісі» зорлық-зомбылыққа қарсы түрлі акциялардың ұйымдастырылуына, заңнамаға «харассмент», «сталкинг» ұғымдарын енгізуге ықпал етті. Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі балалар қауіпсіздігі де елді алаңдатып ...
    2025-06-04
  • Медиаэтиканың өзекті мәселелері 

    Ақсейіт, Ғ.М.; Кабдугалиев, А.К. (2024)
    Бұл ғылыми мақалада бүгінгі күні өте өзекті болып отырған медиаэтика мәселелері қарастырылады. Жаһандану кезеңінде адамдардың қандай ақпаратты қабылдап, қорытып жүргені өте маңызды. Себебі әрбір қабылданған ақпарат адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Қазір қазақтілді медиаға деген сұраныстың артып келе жатқандығы қуантады. Бірақ сұранысқа сай ақпарат ...
    2025-06-04
  • Отандық БАҚ-тағы сөз бостандығы («Reporters sans frontières» ұйымының тұжырымдамасы негізінде) 

    Шурентаев, А.; Мантай, А.; Сайлауқызы, А. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2024)
    Cөз боcтандығы – азаматтаpдың Конcтитуция аpқылы кепілдендіpілген ең маңызды cаяcи құқығы екендігі белгілі. Адам балаcы үшін өз көзқаpаcын, cенім-нанымын баcпаcөзде, жиын-мәcлихаттаpда ашық жаpиялауға немеcе үнcіз қалуына, пікіp білдіpуден үзілді-кеcілді баc таpтуына да cөз боcтандығы мүмкіндік беpетіндігімен еpекшеленеді. Cонымен қатаp cөз боcтандығы халықаpалық cтандаpт пен ...
    2024-05-25

Просмотреть больше