Abstract:
Зерттелініп отырған тақырыптың өзектілігі тұрмыстық зорлықзомбылықтың құрбаны болған әйелдердің виктимді мінез-құлқының қалыптасу
заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін, күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде
тұрмыстық зорлық-зомбылықты терең зерттеу қажеттілігімен байланысты.
Мақаланың мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің
психологиялық предикторі ретінде виктимділіктің тұлғалық белгілерін анықтау.
Әйелдердің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері, отбасылық стресс және
зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық предикторы
болып табылатын виктимді мінез-құлықтың қалыптасуына әкелуі мүмкін деген
ғылыми болжам берілген.
Мақалада виктимділік, виктимизацияланудың табиғаты, сипаттамалары, жалпы
және жеке қасиеттері сипатталады. Виктимділікті зерттеудің психологиялық
аспектілері бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау
жасалған. Зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарын жеңу сатысында
жәбірленушінің бақылау локусының интерналдығын арттыру маңызды міндет
ретінде айқындалған.
Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуға әкелетін
психологиялық предиктор ретінде виктимді қасиеттерді анықтау үшін эмпирикалық
зерттеуде Фрайбурск тұлғалық сауалнамасы (FPI) қолданылды. Әдістемеден алынған
мәліметтер бойынша жоғарғы деңгейдегі мазасыздық, шешім шығара алмаушылық,
комформдылық, өзін қорғай алмау, белсенді әрекеттерге бармау, пассивтілік осы
белгілер әйелдердің виктимді мінез-құлыққа әкелетіні анықталды. Тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің психологиялық предикторі ретінде
виктимділіктің тұлғалық белгілерін анықтау мақсатында жүргізілген Фрайбургск
тұлғалық сауалнамасынан алынған нәтижелердің талдамына сүйене отырып әйелдерге
психологиялық мінездеме берілген.
Зерттеу нәтижесі негізінде отбасындағы физикалық, психологиялық және т.б.
тұрақты зорлық-зомбылық жағдайында өмір сүретін әйелдердің түйсігі және мінезқұлығындағы психологиялық өзгерістер, олардың тәуелділік күйінің және виктимді мінез-құлықтың қалыптасуына әкеледі деген қорытынды жасалды.