Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы сатып алу
құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алу кезіндегі өзекті мәселелер
қарастырылған. Соның ішінде соңғы жылдары бөлінген жұмыс жасайтын
жастарға жалға берілетін тұрғын үйлерді беру кезіндегі кемшіліктер мен
оларды шешу жолдарына, еліміздің жалға тұрғын үй беру негіздерін
халықаралық тәжірибемен салыстырудағы жетістіктері мен қалыс
тұстарына мән берілген. Елімізде ҚР Үкіметінің «Нұрлы жер»
бағдарламасына сәйкес 2018-2021 жылдар аралығында сатып алу
құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру тетіктеріне назар
аударылған.