Медиатизация – қоғам мен мәдениет трансформациясының қозғаушы күші
Аннотации
Жаһандану, дәстүрлердің жойылуы, глокализация, детерриторизация, даралану
(индивидуализация), медиатизация тәрізді ұғымдар қазіргі қоғамда мәдениет пен коммуникацияны
өзгертуші әлеуметтік үдеріс ретінде трендке айналуда. Мақалада авторлар медиатизация терминіне
кеңінен тоқталып, осы теорияға жан-жақты түсінік береді. Сондай-ақ, медиатизацияны қоғамдағы
әлеуметтік және мәдени дәстүрлердегі өзгерістердің негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады.

