Abstract:
Бұл мақалада әлемнің әртүрлі елдеріндегі мектептердегі
балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу бойынша
бағдарламалар қарастырылады және талдау жасалады. Д. Ольвеустің буллингтің
алдын алу бағдарламасы көп деңгейлі бағдарлама ретінде буллинг мәселесін
болдырмауға, сонымен қатар оқушылардың мектептегі буллинг жайлы
хабардарлығы мен білімін арттыру, буллингтің алдын алуға мұғалімдер мен атааналарды тарту, буллингке қарсы нақты ережелерді әзірлеу, құрбандарды қолдау
және қорғау мақсатын қоюға арналған. Қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі
елдерінде мектепте буллингтің алдын алу бойынша көптеген бағдарламалар бар.
Бұл бағдарламалардың жалпы ережелеріне мыналар жатады: оқушылар
арасында буллингтің бар екендігі туралы сауалнамалар жүргізу; бұл мәселені
сынып, мектеп және ата-аналар жиналыстарында талқылау; оқушылардың мінезқұлық кодексін әзірлеу; мұғалімдердің үзіліс кезінде мектеп ауласындағы
оқушылардың мінез-құлқына көбірек көңіл бөлуі; мұғалімдерге буллингтің
алдын алу стратегияларын үйрету.