Репозиторий Dspace

Деректі фильм түсірудегі заманауи талаптар

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Егембердиев, Ы.Д.
dc.contributor.author Тұржан, О.І.
dc.contributor.author Ибраева, Э.Е.
dc.date.accessioned 2023-06-07T06:40:06Z
dc.date.available 2023-06-07T06:40:06Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/1815
dc.description.abstract Бұл мақалада деректі фильмге теориялық тұрғыдан анықтама беріліп, оның журналистік шығармашылық пен кинематографиялық өнердің бірге өрілген өнімі ретіндегі сипаттамасы айқындалады. Публицистика мен экрандық драматургияның қосылған туындысы бағытындағы деректі фильмдерге және оны түсіруге қойылатын негізгі талаптар, заманауи әдіс-тәсілдер, деректі фильм жасаудың ең негізгі баспалдақтары, олардың техникалық-бейнелеуші элементтерінің құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады. Телевизиядағы деректі фильмдердің ең негізгі үш тобы ретіндегі портреттер, тергеу және ғылыми-көпшілік фильмдердің құрылымына, мазмұнына қысқаша анықтама беріледі. Қазіргі таңдағы көрерменнің визуалды ақпаратқа бейімділігі жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай іскери коммуникацияда тұсаукесер өткізу рәсімдері де ерекше маңызға ие болып, жаңаша сипат алды. Бұл зерттеу мақалада жаңа өнімнің немесе қызметтің пайда болуы туралы кең түрде ұтымды ақпарат берудің және мұндай іс-шараны ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі ретіндегі деректі фильм түсірудің маңызына да ғылыми тұжырымдар беріледі. Деректі фильмге қатысушыларға қойылатын ең негізгі талаптар да талданады. Деректі фильмге қатысушы кейіпкердің камера алдында өзін еркін ұстауына мүмкіндіктер жасалуының қажеттілігі, деректі фильмнің өзіндік режиссурасы, фильм мәтінін оқитын адамның дауысына, харизмасына қойылатын талаптарға тоқталады. Заманауи деректі фильмдерде қолданылатын титрдің маңызы ашып көрсетіледі. Авторлар тақырыпты зерттеу барысында деректі фильм түсіру шеберлері мен кино өнерін зерттеушілердің ғылыми-тұжырымдамалық еңбектеріне сүйенген. В. Шкловскийдің, Х. Зайпельдің, Л.Г.Парфеновтың жоғары сапалы деректі фильм құру кезіндегі басты қағидаларын нысанаға алып, көрермен ұтымды қабылдайтын тұстарына кең талдау жасайды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject деректі фильм ru
dc.subject деректі фильм ерекшелігі ru
dc.subject медиаөнімнің инновациялық сипаты ru
dc.subject титр ru
dc.subject автор ru
dc.subject режиссер ru
dc.title Деректі фильм түсірудегі заманауи талаптар ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись