DSpace Repository

А. Байтұрсынұлы – ұлттық журналистиканың негізін қалаушы

Show simple item record

dc.contributor.author Сақ, Қ.Ө.
dc.date.accessioned 2023-06-07T08:24:25Z
dc.date.available 2023-06-07T08:24:25Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/1842
dc.description.abstract Ұлтқа адал қызмет етудің хас үлгісін өз еңбегімен тарихымызға тасқа қашағандай етіп, өшпестей таңбалап кеткен Ахмет Байтұрсынұлының халқымыздың жоғын түгендеп, барын бүтіндеуге, ұлтымыздың сана-сезімін кемінде елу жыл алға оздыруға сіңірген өлшеусіз қызметін түгел айту үшін том-том кітап жазсақ та, түгесе алмайтын шығармыз. Бір ғана қыры – ұлттық журналистикамыздың қалыптасуына қосқан үлесінің өзін таратып айтуға бір ғылыми мақала тұрмақ, тұтас монография арнасақ та сыйғыза алмасымыз анық. Сол себепті бұл жолы тақырыпты толық ашу үшін ғылыми тұжырымдарымызбен ғана бөлісуді жөн көрдік. Әу баста айтарымыз, бар саналы ғұмырын халқының қамын күйттеуге арнаған, сол жолда қуғын-сүргіннің жеті атасын көріп, әуелі патшалық Ресейдің, кейіннен Кеңес Одағы аталатын алып империяның саяси қуғын-сүргін, зорлық-зомбылығын бастан әбден шегіп, ақырында ату жазасымен үлкен жүрегі мәңгілік дамыл тапқан Ұлт Ұстазына арнап талай шара ұйымдастырылар, Тәуелсіз Қазақстанның әр қаласынан алып ескерткіш ашылар, ерен еңбегіне қарай бар сый-сыяпаты жасалар. Ел егемендігін сақтап тұрар болсақ, ол күн де туар, оған ешқандай күмәніміз жоқ. Дей тұрсақ та, ең үлкен құрмет Ұлт Ұстазының ұлы идеяларын, уақыт сынынан өткен асыл ойлары мен ұрпаққа қалдырған өсиеттерін бұлжытпай орындап, шынайы жүзеге асырсақ, басқаша айтқанда, аманатқа адалдық танытсақ, әруақ алдындағы парызымыздың ең үлкен өтемі сол болар еді-ау деген ой санамызда жаңғырады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject ұлт ru
dc.subject ұстаз ru
dc.subject Байтұрсынов ru
dc.subject алаш ru
dc.subject газет ru
dc.subject көсемсөз ru
dc.title А. Байтұрсынұлы – ұлттық журналистиканың негізін қалаушы ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account