dc.description.abstract |
Қазір Қазақстанда азаматтардың кез-келген іске белсенді араласуы бұдан
бұрынғы жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда анағұрлым ілгері. Билік тарапынан
да азаматтық қоғамның үніне құлақ асуға деген талпынысы оң бағыт алып келеді.
Мемлекет басшысы өзі бастама көтеріп азаматтық қоғамды қолдауды, олардың талап-тілектерін орындап, мемлекеттің болашақ стратегиясын бірлесе түзуді үнемі алға
тартып отыр. Қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам белсенділері және билік өкілдерінің басын бір үстелде біріктіретін «Ұлттық кеңестің» пайда болуы – бұған айқын
дәлел. Сонымен қатар алдағы уақытта қоғам белсенділерімен бірге мемлекеттің маңызды мәселесін бірлесіп талқылауға арналған «Ұлы құрылтайдың» құрылуы Қазақстанда азаматтық қоғамның қанат жаюына жасалған жақсы қадам деп түсінуге болады.
Азаматтық қоғамның үнін билікке жеткізетін бірден бір құрал – әлеуметтік желі,
азаматтық журналистика күші. Біз бұл мақалада Қазақстандағы азаматтық журналистика қуаты мен белсенділігін және ел тұрғындарының әлеуметтік желіні тұтыну деңгейін саралап көрмекпіз. |
ru |