dc.description.abstract |
Мақала келесі міндеттерге бағынады: деректі фильм түсірудің ұтымды
тұстарын анықтау, ұжым өкілдерінің атқарар қызметіне шолу жасау, техникалық
жаңалықтардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау, ұжым мен техниканың
арасындағы байланысты ашып көрсету, жаңа технологиялардың шығармашылық жұмыс барысындағы маңыздылығын айқындау, аталмыш технологияларды қолданудың
әдіс-тәсілдерін талдау, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау.
Деректі фильмді түсірудің ұтымды тәсілдерін ойластыру. Фильмді түсіруде фотографиялық жабдықтарды жаңашыл бағытта қолдану. Кадрлар жиынтығы мен әуен
үндестігін сақтау фильм түсіруде маңызды рөл ойнайды. Деректі фильм үшін режиссер мен команда ұсынылған мазмұнның көркемдік құндылығына мән беруі шарт.
Оған қоса фильмнің әлеуметке тигізер әсері мен мүмкін болатын нұсқаларды ескерген жөн. Тақырыптың негізгі идеясын ұмытпауда режиссер жұмысы. Сондықтан жоба
шығармашылғында адам күші мен техника күшін бірдей қарастыру керек. Ең бастысы
шығармашылық ізденіс әрқашан керек болатынын ұмытпау қажет. |
ru |