Аннотации:
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде білімнің жаңа, заманауи дамуына
байланысты өзгертулер болуы керек. Мектептегі білім беруге көптеген тәсілдердің енгізілуі, жоғары оқу орны жүйесінде үздіксіз білім беруді ұйымдастыру идеясы және қарқыны (ауқымы) кеңейіп келе жатқан ақпараттық даму мектептің барлық саласындада, білім алудың барлық жүйесіндеде түбегейлі өзгерістердің болуына әкеледі. Осыған байланысты
мұғалімдердің білім берудегі заманауи педагогикалық және ақпараттық жаңа жүйелерімен, әдістемелерімен жаңа фарматта білім беруіне әсер етті. Оқушылардың физиканың қазіргі жетістіктерімен атап айтқанда кванттық физиканың кейбір ережелерін қамту мәселелерімен таныстыру өзекті мәселе болып табылады. Бұл көбінесе білім берудегі ақпарат көздеріндегі кванттық физиканың кейбір мәселелерінің жиі қате болуы және қазіргі ғылымға қайшы келетіндігімен байланысты. Бұл мақалада мектеп білім беру жүйесіндегі кванттық физика
түсініктерінің физикалық бейнесін қалыптастыру үшін маңыздылы қарастырылады.