dc.description.abstract |
Мақалада Тоғызыншы бесжылдықтағы Қазақстан партиялық басшылығы
баспасөзінің әскери қызметшілерге әсеріне қатысты мақалалар мен ғылыми жұмыстар қаралды. Кеңестік жүйе кезеңіндегі республиканың партиялық ұйымдары жүзеге асырған баспасөз қызметтерін басқару тәжірибелері барынша зерделенді. Зерттеу барысында аталмыш тақырыптағы жұмыстардың зерттелеуі, жинақталуы
және ғылыми негіздеріне шолу жасалды. Баспа арқылы басқарудың пәрменді нысандары мен әдістерін бөліп көрсету жолдары қарастырылды. Оларды жетілдіру мен
жүзеге асыру жолдары анықталды. Партия мен Кеңес үкіметінің басшылық құрамының сол кезеңдердегі Қазақстанның партиялық-кеңестік баспасөз жүйесінің дамуына және журналистік кадрларды даярлауға, тәрбиелеу мен одан әрі дамуына аса
көңіл бөлінгені көрсетіледі. Республиканың партиялық-кеңестік баспасының әскери
қызметшілердің жеке құрамына қалай әсер еткендігі туралы сөз қозғалады. Оның
«Коммунистік партия» талаптары рухында насихаттық және ұйымдастырушылық
рөлінің әскери қызметшілерге баспасөз қызметі арқылы қадағалау жұмыстары күшейгені туралы айтылады. Әскерилердің күштік құрамдарының бұқаралық ақпарат
құралдарымен бірге өзара іс-қимылда әрекет ететін баспасөздің және насихаттың
түрлі проблемаларын зерделеу және тиімділігін көтеру жолдары мақалаға арқау
болады. Коммунистік құрылыс міндеттерін әскери ортаға баспа беттері арқылы
жеткізе отырып, шешудегі республикалық (жергілікті) баспасөздің рөлін арттыруға
орталық баспасөздің ерекше ықпалын көрсетті. Әскер қатарында еліне адал қызмет
етіп жүрген сарбаздарға партия ұйымдарының қызметін жақсартуға бағытталған
бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының практикалық жұмыстары туралы сөз
болды. Аталмыш мақалада Қазақстанның партиялық басшылығы баспасөзінің әскери қызметшілерге әсері туралы кең көлемде айтылды. |
ru |