Abstract:
Қала халқының саны өскен сайын, көлік қозғалысының динамикасын
бақылаудың маңыздылығы арта түседі. Имитациялық модельдеуді пайдалану көлік
қозғалысын зерттеу және түсіну үшін тиімді құрал болып табылады. Anylogic көше
қозғалысын түрлі жағдайларда модельдеуге мүмкіндік беретін тиімді бағдарламалық құрал
ретінде қолданылады.
Мақалада Астана қаласындағы көше қиылыстарының бірі мысалға алынды. Қиылысты
модельдеу нәтижесінде көлік ағындарын оңтайландыру мақсатында бағдаршам жарығын
тиімді басқарудың әдістері қарастырылды. Ұсынылған модель бірнеше рет симуляциядан
өтіп, нәтижесінде бағдаршам жарықтарының ауысу уақыттары жиілеген сайын көше
қиылысын кесіп өтетін көлік санының арта түсетіні байқалды. Қорытындылай келе, зерттеу
нәтижелері алдағы уақыттарда қалалардағы көлік жүйесін дамытуға қолдануға болатындығы
ескеріліп, бағдарлары айқындалды.