Abstract:
Тараз қаласы өзіндік ерекшілігі бар ежелгі қалалардың бірі. Сан ғасырларға толы тарихтың
сырын бойына жиып жатқан осы қала туралы парсы тілінде жазылған көне жазбаларда деректер сақталғаны
баршамызға мәлім. Сол деректерде қаланың атауы «Тараз», «Талас», «Банки», «Ианги» немесе «Ианки» деп
кездеседі. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталған
болатын. Бұл жерде б.э. I ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне
сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған екен. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. I ғасырда
600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде
ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға белгілі ғалым Л.Н.Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы
соғыс» дерегі дәлел болады. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала
мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды. Оның сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған.