Аннотации:
Бұл мақала қазақ руларының таңбаларының шығу тарихын зерттеуге арналады. Мақалада
Отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, ру таңбаларының шығу тарихының
пайда болуы уақытын анықтау мақсат етілді. Ру таңбаларды зерттеу қазақтың өткен этникалық тарихын
зерттеу ісінде маңызы ерекше. Ру таңбаларын зерттеу арқылы рулар арасындағы байланысты анықтауға
болады. Таңбалардың Орхон-Енисей жазуымен байланысты екендігін ғалымдар зерттеулерінде айтылады.
Алайда бұл тұжырым жан-жақты талдап, дәлелдеуді қажет етеді. Таңбалардың шығу тарихын жеке меншіктің
шығу кезеңінен, яғни қола дәуірінен бастау алатындығы жөнінде мақалада болжам пікір айтылады. Ру
таңбаларының тарихын зерттеуде Таңбалы тас есткерткішінің де орыны ерекше. Ру таңбаларының атқаратын
функциялары әркелкі болып келеді. Мақалада таңбалардың атқаратын бірнеше функциялары бөліп қарастырылады.