Abstract:
Қорғаныс түрлендірулерінің алгебралық алгоритмдері криптографияның
маңызды саласы болып табылады, өйткені олар құпиялылық пен тұтастықты қамтамасыз ету
үшін деректерді өңдеу құралдарын ұсынады. Бұл жұмыс осындай алгоритмдерді құру және
дамыту тәсілдеріне шолу жасайды. Даму тәсілдері криптографияның математикалық негіздерін
талдауды, есептеулердің күрделілігін және жүйеге сәтті шабуыл жасау ықтималдығын зерттеуді,
алгебралық теория әдістерін деректерді түрлендіруді құру және талдау үшін қолдануды қамтиды.
Сандар теориясы мен алгебраға негізделген классикалық әдістер де, Машиналық оқыту
алгоритмдері мен жасанды интеллект технологияларын қолдануды қамтитын заманауи тәсілдер
де қарастырылады.