Abstract:
Мақалада ҰБТ және SAT сияқты стандартталған тесттерге олардың форматы мен
құрылымы, тиімділігі және тест спецификацияларымен таныстыра отырып, салыстырмалы
анализ жасалынады. Көптеген стандартталған тесттердің ішінде кеңінен таралғаны – SAT. Бұл
көбіне Америка құрама штаттарында және әлемнің басқа да елдерінде қолданысқа ие.
Стандартталған тестілеу ең мықтысын, білімді оқушыларды іріктеп алуға көмектесетін құрал
болып табылады. Біздің еліміздегі Ұлттық бірыңғай тестілеудің қаншалықты тиімді екенін
әлемдік стандартталған тестпен салыстыру арқылы сарапталады. PISA зерттеуіндегі
статистикаға сүйеніп, Қазақстанның функционалды сауаттылығын қалай бағаланғанын және оны
дамытуға бағытталған ұсыныстар көрсетіледі.