Abstract:
Мақалада әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, сабақтың оқу мақсатына жету барысында
оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулуға болатындығы туралы айтылады. Бүгінгі
күннің өзекті мәселесі, әр баланың танымы, қызығушылығы, қабылдауы әртүрлі болғандықтан
мұғалімнің оқушымен жүргізетін жұмысы да жан-жақтылықты, шығармашылықты талап
ететіндігіне тоқталады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша құрастырылған, өз
тәжірибесінен бір сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ұсынады. Деңгейлік тапсырмаларды
орындау арқылы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік
беретіндігі айтылады.