Abstract:
Қазіргі жедел жаһандану жағдайындағы Орталық Азия аймағындағы байланыстарындың дамуы әлеуметтік-саяси өзара қарым-қатынастардың өзгеруімен және этномәдени байланыстардың кеңеюімен, этнодемографиялық үдерістер барысында ішкі аймақтық құрылымның
бірнеше мәрте күрделенуімен және аймақ мемлекеттерінің сыртқы факторлардың әрекеттеріне
тәуелділігінің ұлғаюымен сипатталады. Авторлар Орталық Азия өңіріндегі интеграциялық үдерістердің дамуының геосаяси, тарихи алғышарттарын зерттейді. Бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастық, аймақтық интеграция Орталық Азия мемлекеттері саясатының маңызды міндеттерінің бірі
болып келеді. Аймақтың егеменді мемлекеттерінің саясаты көршілес елдермен ынтымақтастықты
кеңінен дамытуға бағытталған. Өзара тарихи-мәдени әрекеттесудің ұзақ тәжірибесі бар бұл мемлекеттер аймақтық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріп отыр.