Аннотации:
Мақалада тарихи географияның кейбір мәселелері ғылыми тұрғыда зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Сондай-ақ тарихи-географияның дамуына үлес қосқан
отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері талданды. Тарихи географияның ғылым жүйесіндегі орны, терминнің қалыптасуы, дамуы мәселелері көрсетілген. Сонымен бірге картографияның тарихи географиядағы маңыздылығы жайындағы еңбектерге шолу жасалды. Сонымен қатар
отандық, ресейлік және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне тоқталып, Қазақстанның тарихи географиясын жан-жақты зерттеулеріне үлес қосқандығын көреміз. Негізінен тарихи география кенже
дамыған ғылым саласы болғандықтан тарих ғылымындағы орнын анықтау біз үшін аса маңызды
болып табылады. Төменде көрсетілген зерттеушілердің еңбектерінен аңғарғанымыз Қазақстанның
тарихи географиясына мейілінше үлес қосып, топонимика, шаруашылық, аумақтық-әкімшіліктік
бөлініс т.б мәселелерге тоқталған. Мақала өзектілігімен тарих ғылымында маңызды орынға ие.