Abstract:
Мақалада авторлар Қиуа хандығы мен патшалы Ресей империясының отаршылдық
саясатына қарсы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Арал өңірі қазақтарының көтерілісін көптеген
тың деректері негізінде нақтылап, тарихнамалық талдаулар жасайды. Әсіресе, Мысабай жыраудың «Жанқожа батыр толғауын» жан-жақты зерделей отырып, бұл көтеріліс туралы жаңа қорытындыға келеді. Сонымен бірге, тарихи жырлар мен аңыз әпсаналардағы Жанқожа батырдың һақармандық ерлігін деректанулық тұрғыдан саралап, ашып көрсету үшін әлі де зерттей түсу қажет деп есептейді.