Abstract:
Мақалада мәңгілік Қазақстан негізіндегі атқарылып жатқан жұмыстардағы
ықпал етуші фактор ретінде дәстүр мен құндылықтық бағдарлардың қаншалықты маңызды
екендігіне талдау жасайды. Жаңарудың теориялық негіздемелеріне тоқтала отырып, қазіргі
Қазақстан жағдайындағы жаңарудың өзіндік ерекшілігіне тоқталып, өткен ғасырдағы түрліше
тарихи өзгерістердің қазіргі қоғам санасына әсерін сипаттайды. Маңызды болып саналатын
дәстүр мен құндылықтық бағдарлардың ұлттық сана-сезімге сай құрылып, қазақ халқының
өткен дәуірдегі руханиятының қайнар көздерінен бастау алуы маңызды. Осындай ұстанымды
басшылыққа алу барысында ғана Қазақстан қоғамы шынайы жаңаруды ұштастырып жүйелі мәдени құндылықтарды дүниеге келтіре алады. Ұлттық құндылықтардың жаңару мүмкіндігін
мәдени антропологиялық тұрғыдан сипаттап, оның әлеуметтік, философиялық негіздемесін
беруде тарихи деректер мен ұлттық әдеби жәдігерлердің алар орнының маңыздылығын
қарастырған маңызды.