Аннотации:
Бұл мақалада бухгалтер жұмысындағы кәсіби этикалық құндылықтардың
маңыздылығы көрсетіледі, олардың қоғамдық сенімді қолдау, жалпы кәсіпорынның да беделін
сақтау үшін маңыздылығын көрсетеміз. Мақала кәсіби әдепті сақтаудағы этикалық кодекстер
мен процедуралардың рөлін талқылайды, бухгалтерлерде кездесетін қысымдарды көрсетеді
және этикалық дилеммаларды шешуге арналған практикалық нұсқаулар ұсынылады. Жас
мамандарды кәсіби даярлаудың негізгі аспектісі ретінде білімнің және этикалық нормаларды
сақтаудың маңыздылығы атап өтіледі.