Abstract:
Стирлинг қозғалтқышы изотермиялық жуықтауда модельденді. Бастапқы кезеңде
қозғалтқышта жоғары жиілікті (~102 Герц немесе одан көп) және төмен жиілікті (~10 Герц
немесе одан аз) тербелістер пайда болады. Жұмыс поршені мен орын ауыстырғыштың
қозғалысы төмен жиілікті тербелістерге сәйкес келеді. Қыздырғыш пен салқындатқыштың
арасында минималды температура айырмашылығы бар, одан төмен бос поршеньді
қозғалтқыш жұмыс істемейді, бірақ Стирлинг қозғалтқышының басқа түрі сияқты жұмыс
істей алады.