Abstract:
Бүгінде, сайлау институтындағы саяси-құқықтық жетілдіру
мəселелеріне баса назар аудару маңызды. Кейінгі жылдары Қазақстанда аталған сала
бойынша бірнеше реформа жүргізіліп, түрлі заңнамалық өзгеріс енгізілді. Осы ретте сол
реформалардың əсерін талдау жəне олардың халықаралық стандарттар мен озық
тəжірибелерге сəйкестігін бағалау уақыт кезеңдеріне сəйкес ғылыми тұрғыда зерттеліп
отыруы тиіс. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы сайлау институтын одан əрі
дамыту мақсатында оны жетілдірудегі негізгі проблемаларды анықтау қашан да жанжақты терең талдауды қажет ететін процесс. Соған байланысты осы мақалада тəуелсіз
Қазақстанның сайлау жүйесіндегі негізгі реформалар құқықтық-нормативтік құжаттар
тұрғысынан талданды.