Abstract:
Мақалада Астана брендінің бірегей даму тарихы зерттеледі, визуалды
дизайны мен концепциясына баса назар аударылады. Қала дизайнындағы визуалды
элементтердің Астананың əлемдік қала ретінде танылуы мен имиджін қалыптастырудың
негізгі құралына айналғанын көрсетеді.
Бұл мақала дизайн мен көрнекі тұжырымдаманы қала мен елді əлемдік аренада
ілгерілетуде қалай пайдалануға болатынын жəне басқа да мегаполистер мен ұлттық
брендтер үшін Астананың тəжірибесінен қандай сабақ алуға болатынын түсінуге
мүмкіндік береді.