Abstract:
Қазақстандағы сақтандыру компанияларының ESG (экологиялық, әлеуметтік
және корпоративтік басқару) стратегиясының дамуы маңызды үрдіске айналуда. ESG
қағидаттары бизнестің тұрақтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Бұл мақалада ESG стратегияларының сақтандыру секторындағы ерекшеліктері
қарастырылады: экологиялық тәуекелдерді басқару, әлеуметтік жауапкершілік стандарттарын
енгізу және компаниялардың ашықтығы мен тиімді корпоративтік басқару принциптері. ESG
талаптарының сақтандыру индустриясына әсері, олардың клиенттер мен инвесторлар
алдындағы беделін жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге
ықпал ететін факторлар талқыланады.