Abstract:
Мақалада Қазақстанның қаржылық экодипломатиясы және оның жаһандық
"жасыл" ауысу жағдайында тұрақты экономиканы қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.
Экологиялық бастамаларды қолдау үшін заңнамалық шараларды енгізген Орталық Азияның
бірінші елі Қазақстан экологиялық бағдарланған қаржыландыруды ынталандыру үшін өзінің
монетарлық тетіктерін белсенді дамытуда. Зерттеу жасыл облигациялар мен ESG несиелері
сияқты тұрақты қаржы құралдарының өсуін ынталандыру үшін нормативтік-құқықтық базаны
жақсартуға және ақша-несие саясатын бейімдеуге бағытталған шараларды талдайды. Сондайақ, жұмыста жасыл инвестициялардың ашықтығын арттыру, блокчейнді пайдалану және
Орталық Азияда орнықты дамудың цифрлық хабын құру үшін цифрлық трансформацияның
маңыздылығы атап көрсетілген.