Abstract:
Ұлттық экономикадағы ЖІӨ-дегі ШОК үлесі мен жалақы деңгейінің
динамикасы зерттелді. Әлеуметтік кепілдік, ұлттық валютаға ықпал ететін негізгі фактор
ретінде жалақы деңгейіне талдау жасалды; ЖІӨ-дегі ШОК үлесі қалыптастыру процедурасы
қарастырылды; сәйкесінше ШОК ықпалы туралы қорытындылар жасалды. Сондай-ақ,
еліміздің 2023-2024 жылдардағы жалақы деңгейіне талдау жүргізілді. Берілген экономикалық
даму бағытындағы мақсатқа қол жеткізу үшін, отандық өндірісті жан жақты қолдау тетіктерін
анықтап, олардың мүдделерін қорғау қажеттілігі қарастырылды.