Abstract:
Мақалада сыртқы мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру үшін
тәуекелдерді басқару жүйесінің рөлі қарастырылған. Аудиттің мақсатты, тиімді және заңды
жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайту шараларының
маңызы баяндалған. Белгілі мемлекеттік мекемелер мысалында анықталған түрлі тәуекел
деңгейлері талданады. Тәуекелдерді басқару жүйесінің қағидаттары мен тәсілдері, сондай-ақ
оның мемлекеттік аудит барысында қолданылуының артықшылықтары талданады. Мақала
цифрлық технологиялардың енгізу мен халықаралық тәжірибенің алмасуы арқылы жүйенің
жетілдірілуіне назар аударады.