Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстанның қаржы секторын трансформациялау
барысындағы мемлекеттік аудит пен есеп жүйесінің рөлі талқыланады. Мемлекеттік аудит пен
есеп бюджеттік ресурстардың тиімділігін бақылау және қаржылық есептіліктің дұрыстығын
қамтамасыз ету арқылы қаржы жүйесінің ашықтығын арттырады. Мақалада банк секторының
несиелендіру тәуекелдері, сақтандыру мен қор нарығының дамуының әлсіздігі және
микроқаржы нарығындағы қаржыландыру шектеулері сияқты негізгі мәселелер
қарастырылады. Бұл қиындықтарды шешу қаржы секторының тұрақтылығы мен тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.