Аннотации:
Бұл мақалада қазіргі уақытта, студенттердің шығармашылық ойлауын
қалыптастыру тұлғаның ақыл- ой , шығармашылық және ізденімпаздық қабілеттерін
дамытудың негізі болып табылатыны туралы қозғалған . Студенттердің оқу орнына
бейімделу үдерісіндегі қиындықтарға көп көңіл бөлу, оған мейлінше үлкен мән беру
студенттің маман ретінде қалыптасуына, ойлануына, болашақ іс-әрекетінің тиімділігіне
ықпал етуге бағытталған. Студенттердің дамуына байланысты мәселелер, өз
шеберліктерін анықтау, білім беру кеңістігін кеңейту, шығармашылық қызмет
тәжірибесін қалыптастыру және студенттердің ойлау қабілеттерін арттыру мәселелері
мен қоса шығармашылық ойлаудың қалыптасуының және дамуының психологиялық,
педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған.