Abstract:
Қазіргі заманғы еңбек нарығының тәжірибесі көрсеткендей, тез өзгеретін
әлемде тек қатаң, техникалық дағдыларға бағдарлану болашақ әлеуметтік педагогтардың
кәсіби жетістіктерін қамтамасыз ете алмайды, soft skills дағдыларын дамытудың барабар
қажеттілігі туындайды. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіби саладағы терең білім мен тәжірибеге
ғана сүйену жеткіліксіз. Болашақ мамандар үшін кәсіби қызметте табысты болуға
көмектесетін дағдылар қажет. Әр түрлі зерттеулерді талдау негізінде авторлар бұл дағдылар
soft skills екенін анықтады. Авторлар мақалада болашақ мамандарды кәсіби даярлау
жүйесінде soft skills дағдыларын дамытудағы шетелдік зерттеулер мен тәжірибелер
талданды. Шет елдердің тәжірибесі негізінде әлеуметтік педагогтардың маңызды soft skills
дағдылары анықталды.