REPOSITORY.ENU

АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰРПАҚ ПЕН УАҚЫТ ҰҒЫМЫ

Show simple item record

dc.contributor.author ТҰМАШБАЙ, Т.Е.
dc.contributor.author КЕМЕРБАЙ, Р.А.
dc.date.accessioned 2025-05-14T04:27:40Z
dc.date.available 2025-05-14T04:27:40Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.citation Tumashbaı T.E., Kemerbaı R.A. Antıkalyq fılosofııa tarıhyndaǵy urpaq pen ýaqyt uǵymy [The Concept of Generation and Time in the History of Antic Philosophy] // Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy. – 2021. – №1 (119). – B. 52–63. http ru
dc.identifier.issn 2664-0686
dc.identifier.uri http://repository.enu.kz/handle/enu/23494
dc.description.abstract Бұл мақалада антикалық философия тарихындағы адам тегінің қоғамдық қатынастардың субъектісі болып туындауына, қалыптасуына байланысты идеялар қарастырылды. Жалпы кез келген қоғамда ұрпақ өз дамуында екі сатыдан өтіп, әлеуметтік организмнің түріне айналады. Бұл, бір жағынан, адамның жай, қарапайым өз тегін жалғастырушы субъект ретінде қызмет атқаруымен анықталады. Екінші жағынан, адамның ұрпақ ретінде белгілі бір ұлттық болмыстың, миф, дін, мемлекет формасындағы идеологиялық тартыстың әрі объектісі, әрі субъектісі ретінде қарастырылады. Бұл негізді Л. Морган «societas» және «civitas» формаларында анықтаған. Сондықтан біз де мақалада ұрпақ ұғымының «civitas» формасындағы көрінісін зерттеуге тырыстық және мақала тақырыбының методологиясын Платонның, Аристотельдің идеалды мемлекет, ізгілікті қоғам, бақыт, адамдағы мақсаттылық секілді этикалық ойларынан алуға ұмтылдық. Платон мен Аристотельдің философиялық ойларындағы өзектілікті А. Шопенгауэр, К. Ясперс пікірлерімен толықтырып, қазіргі қазақстандық қоғамдағы адам болмысындағы мәселелерімен бірге қарастырдық. Аристотельдің уақыт, толассыздық, қозғалыс, мүмкіндік, болмыстың энтелехиясы секілді категорияларына сипаттамалары берілді. «Адам-ұрпақ» ұғымы уақыттың негізгі қасиеттері ретінде қолданылды. Платон адамды мемлекеттік биліктің құралы ретінде, өзінің қажеттіліктері мен мүдделеріне қатысты әлеуметтік қызметтерді шартсыз орындаушы тұлғасыздық тіршіліктің біріккен тұтастығы ретінде қарастырады. Аристотель бойынша: уақыт қозғалыс емес, бірақ ол қозғалыссыз, жансыз өмір сүре алмайды. Уақыттың субстраты қозғалыс болып табылады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy ru
dc.relation.ispartofseries №1 (119);
dc.subject ұрпақ тәрбиесі туралы Платонның философиялық ойы ru
dc.subject Аристотель адам тегі туралы ru
dc.subject үздіксіздік ru
dc.subject қозғалыс категориялары ru
dc.subject ұрпақтар сабақтастығы мен уақыты ru
dc.subject ұрпақтың тәрбиесі құрал ретінде ru
dc.title АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰРПАҚ ПЕН УАҚЫТ ҰҒЫМЫ ru
dc.title.alternative The Concept of Generation and Time in the History of Antic Philosophy ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account