Аннотации:
Аталған мақалада жоғары оқу орындарында болашақ мамандар
даярлауда цифрлық технологияны пайдаланудың тиімділігі туралы цифрлық
білім беру ресурстарын пайдалануға даярлау жоғары мектептің ең өзекті
мәселесі ретінде қарастырылған. Сонымен қатар цифрлық білім беру
ресурстарын дидактикалық мақсатқа жетуге немесе белгілі бір оқу міндеттерін
шешуге бағытталған дайын интерактивті мультимедиялық өнім ретінде
пайдалану ұсынылған. Қазіргі таңда оларды пайдаланудың тиімділігі – бұл
ақпараттық білім беру ортасына қызығушылықты тудырумен қатар ақпаратқа қолжетімділік дәрежесін қамтамасыз ету және білім сапасын арттыруға ықпал
ететіндігі баяндалған.