Аннотации:
Дін – кез-келген қоғам өмірінің табиғи серігі. Себебі, дін –
этникалық топтарға жататын адамдарды әлеуметтендіруді ұйымдастыратын
реттеуші факторлардың бірі. Қоғам ішіндегі қарым-қатынастар өзара
түсіністікке, бірегей көзқарастар мен құндылықтарды құрметтеуге, қарапайым
тілмен айтқанда, төзімділікке негізделсе, онда бұл тұрақтылық пен прогреске
жол ашады. Демек, демократиялық режимде өмір сүріп отырған зайырлы
қоғамда азаматтардың діни наным-сенімдерін құрметтей отырып, барлығына
сенім еркіндігін елдің саяси тұрақтылығына қайшылықсыз қамтамасыз ету әр мемлекеттің саясатының басым бағыты. Саяси тұрақтылықты қаматамасыз
етудің бір факторы ретінде мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге
асыру үшін, алдымен оның теориялық аспектісін зерттеу маңызды. Мақалада
қоғамдық-саяси үдерістегі діннің рөлін зерттеушілердің көзқарастары
талқыланып, тұжырымдары негізінде теориялық зерттеу жасалып, қорытынды
алынды. Дін мәселесінің талдануын ақпараттық кеңістікте таралуын зерттеу
өзекті болып табылады.