Аннотации:
Аталған мақалада жалпы білім мен ғылымның мемлекет дамуындағы өзектілігі, білім беру
жүйесіндегі жоғары білім берудің маңызы және оның мемлекет тұрғысынан құқықтық түрде
реттелуінің негізінде, жоғары білім берудің жүйеленіп бір жолға түсірілуі
қаралды.Қазақстандағы жоғары білім беруді құқықтық реттеу КСРО кезеңінен
басталатындықтан, КСРО-ның осы саладағы заң жобалары мен олардың нәтижелері
салыстырмалы түрде көрсетілген.Осы жүйе негізінде дамыған тәуелсіз еліміздің жоғары білім саласындағы заң жобалары мен шет мемлекеттер тәжірибесіндегі жоғары білім берудің дамуы
және осыған қатысты идеялар ұсынылған.