Аннотации:
Мақалада қазақ телевизиясының технологиялық жаңару кезеңдері қарастырылып, технологиялық жетістіктердің хабар тарату саласына әсері мен эволюциясы сипатталады. Тарихи контекст пен нақты
кезеңдерді талдау арқылы зерттеу – бұқаралық коммуникация саласындағы инновацияның негізгі кезеңдерін көрсетеді.
Зерттеуде үш негізгі кезең қарастырылған: телевизиялық технологияның кеңестік дәуірдегі алғашқы енгізілуі, тәуелсіздік жылдарында ұлттық телевизияның дамуы және цифрлық хабар таратуға көшу, цифрлық
трансформация стратегиялары арқылы жүргізілген соңғы жетістіктер.
Әрбір кезең Қазақстандағы кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық және
саяси өзгерістерді көрсететін бірегей қиындықтар мен жетістіктермен
сипатталады.
Қазақ телевизиясының мазмұнының жаңаруы, әлеуеті мен бағдарламаларының сапасының өсуі де техникалық прогреспен және қоғамның
әлеуметтік сұранысымен сәйкес келеді. Кеңестік кезеңдегі отандық телевизиядағы қиындықтар мен тәуелсіздіктен кейінгі қоғам мен журналистерге берілген сөз бостандығы сол кездегі телебағдарламалардан көрінеді. Осының бәрі мақалада технологиялық жаңарудың әрбір кезеңіне
байланысты бірегей қиындықтар мен жетістіктер түрінде қарастырылды. Жаңару кезеңдеріне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және саяси
факторлар, олардың қазақ телевизиясының болашағына ықпалы талқыланды.
Қорытынды тұжырымдар қазақ телевизиясындағы технологиялық
прогрестің динамикалық сипатын анықтайды, үнемі өзгеріп отыратын
медиа-ортада саланың өзектілігі мен бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін
үздіксіз инновациялардың маңыздылығын көрсетеді.