REPOSITORY.ENU

Әлемдік ақпарат құралдарындағы Орталық Азия елдері саяси көшбасшыларының медиаобразы

Show simple item record

dc.contributor.author Абылханова, Ә.
dc.contributor.author Әшірбекова, Г.Ш.
dc.date.accessioned 2025-06-04T11:47:34Z
dc.date.available 2025-06-04T11:47:34Z
dc.date.issued 2024
dc.identifier.issn 2616-7174
dc.identifier.uri http://repository.enu.kz/handle/enu/23996
dc.description.abstract Әлемдік ақпарат кеңістігінде мемлекеттің медиаобразын қалыптастыру мәселесі қазіргідей геосаяси жағдайлардың ушығып тұрған кезеңінде өте маңызды. Мақалада мемлекеттің медиобразының негізгі аспектісі ретінде саяси көшбасшының ақпарат кеңістігіндегі бейнесіне қатысты ақпараттар талданды. Кез келген мемлекеттің Президенті сол елдің медиаобразын қалыптастыратын бірінші тұлға екенін ескерсек, халықаралық байланыс жағдайында, сондай-ақ түрлі саяси шешімдер қабылдауда оның әрбір пікірі мен көзқарасы көпшіліктің бақылауында болады. Осы орайда Орталық Азия елдерінің саяси көшбасшыларының медиаобразы салыстырмалы түрде қарастырылады. Орталық Азия елдері арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттері тарихи сабақтастық тұрғысынан таңдалып, олардың өзара ұқсас саяси бағдарлары мен көшбасшының әлемдік саяси тұлғалармен байланысына, танымал ақпарат құралдары жариялаған мақалалар мен пікірлер сарапталды. Саяси көшбасшының медиобразы туралы сөз еткенде оның жеке қасиеттерінің маңызды екенін атап өткен абзал. Бұл тұжырымды шетелдік ғалымдар да құптайды. Олардың айтуынша, соңғы жылдары саяси оқиғадан гөрі көшбасшының тұлғалық қасиеттеріне көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан мемлекеттің бейнесін көрсететін көшбасшының ақпарат кеңістігіндегі образы тікелей оның жеке әрекеттеріне байланысты қалыптасады. Саяси көшбасшының медиобразы жайлы жазылған шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектеріне салыстырмалы талдау арқылы бірқатар тұжырымдар айқындалды. Ақпараттың шынайылығы мен саяси көшбасшының жағымды медиаобразы баспасөз бостандығымен тығыз байланысты. Осы орайда Орталық Азия елдеріндегі сөз бостандығы индексінің көрсеткіші, соның нәтижесінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Қазақстандағы түрлі саяси оқиғалар кезіндегі ақпараттың сипаты мен мазмұны талданды. ru
dc.language.iso other ru
dc.subject көшбасшы ru
dc.subject саясат ru
dc.subject әлеуметтік желілер ru
dc.subject Интернет ru
dc.subject PR ru
dc.subject имидж ru
dc.subject медиа образ ru
dc.title Әлемдік ақпарат құралдарындағы Орталық Азия елдері саяси көшбасшыларының медиаобразы ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account