Abstract:
Себеп-салдар қатынасы — бұл объективті әлемде кеңінен таралған қатынастардың және негізгі
философиялық категориялардың бірі. Тілдегі 'себеп-салдар қатынасы' адамзаттың объективті әлемдегі әртүрлі себепсалдар қатынастарын субъективті бейнелеуі болып табылады. Себеп-салдар қатынасы тілдің маңызды логикалық және
синтаксистік аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл мақалада қытай тіліндегі себеп-салдар құрмалас сөйлемдердің
құрылымдық және семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Қытай тілінде себеп-салдар қатынастары айқын
байланыстырушы сөздер мен жасырын логикалық құралдар арқылы беріледі. Мақалада екі негізгі тәсілмен көрсетілетін
себеп-салдар байланыстары зерттеледі: байланыстырушы сөздер арқылы және жасырын логикалық құралдар арқылы.
Сондай-ақ, қытай тіліндегі сөйлемдерде себеп пен салдардың орын тәртібі, олардың арасындағы синтаксистік және
логикалық байланыс құрылымы жан-жақты талқыланады. Мақалада негізінен себеп-салдар құрмалас сөйлемдердің
құрылымы, функциялары және олардың тілдік көріністері сипатталады.