Abstract:
Мақала логикалық реттілікпен жазылған және үш құрылымдық бөлімшеден тұрады, көрнекілік ретінде кестелер, диаграммалар, салыстырулар келтірілген. Мақалада бюджеттік бағдарламалар теориялық тұрғыдан зерттеліп, анықтама берілді. Сонымен қатар, оның жаһандану жағдайындағы экономикадағы орны және мәні анықталды. Қазастандағы бюджеттік бағдарламалардың даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер анықталып, олардың әлем елдеріндегі және еліміздегі жағдайы зерттелді. Мақала соңында бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша ұсыныстар берілді.