Аннотации:
Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы және тиімді жүзеге асырылуы технологиялық және экономикалық өсуге
әкеледі. Цифрландыруды дамыту жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуын қолдау үшін және нақты топтардың әл-ауқатына баса назар аудара отырып, ақпараттық технологияларды қалай пайдалану керектігі туралы ортақ
көзқарасты көрсетеді.
Жаһандық цифрлық ортаның белсенді қалыптасуы жағдайында ұсынылатын
ақпарат, қызметтер және инфрақұрылымды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар көлемі артып келеді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер өзге бір елдің деректер саясаты мен тәжірибесіне еліктеуге немесе толығымен қабылдауға ұмтылмайды. Әрбір ел осы салада көшбасшы болып қана қоймай, цифрлық
кеңістіктің бірегей және ерекше жүйесіне ие болғысы келеді. Канада, Сингапур
және Оңтүстік Корея елдері цифрлық әлемде деректерді басқарудың өзіндік
ұлттық тәсілдерін әзірледі. Атап айтқанда, Канаданың тәжірибесінен бұлтты
технологияларды, жасанды интеллектті, 5G технологияларды енгізуін және ұйымдардың жағымды экологиялық имиджін құруын байқауға болады. Сингапур
қоғамдық өмірдің кейбір салаларын ғана «ақылды» реттеумен шектелмей, өмір
сүру сапасын, институттардың жұмысын және қызмет көрсетуді жақсарту үшін
мемлекеттің, жеке сектордың және бизнестің әлеуетін біріктіруге ұмтылды.
Оңтүстік Корея әлеуметтік саланы ғана емес, азаматтардың тұрмыстық, білім
беру, демалыс және басқа да қажеттіліктерін қамтитын мемлекеттік қызметтерді
көрсетуге ерекше көңіл бөлді.
Мақалада цифрландыру мәселелерін шешудегі Оңтүстік Корея, Сингапур және
Канада елдерінің тәжірибелері қарастырылды.